Көше  тәртібі: Жол апатынан күн сайын бір бала қаза болады

22.12.2023, 10:25
759
Көше  тәртібі: Жол апатынан күн сайын бір бала қаза болады caravan.kz

Бүгінде автокөліктің шектен тыс көбейгені, сол көлікті жүргізетін адамдардың да саны артып кеткені рас. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Көлігі жоқ үй кемде кем. Жеке көлікті бала-шаға да, қыз-келіншектер де, ата-әжелер де жүргізе беретін болды. Мейлі, ел бар болсын, бай болсын. Бірақ көліктің нөпірі мен жүргізушінің көптігіне сай тәртіп мен қауіпсіздік шаралары қатаң сақтаса мақұл. Шыны керек, көліктердің апатқа ұшырауы белең алған десе де болады. Ал апат болған соң адамдар қаза болмай тұрмайтыны тағы бар. Бұл өте өкінішті жағдай. Соңғы уақытта, әсіресе, жас балалардың көлік апатына ұшырап көз жұму жағдайы жиілегенін айтып дабыл қағып жатқандар бар. 

Арыға бармай-ақ, соңғы бір аптаны алып қарасақ, елімізде бабалар мінген автокөліктердің ішінде ірі жол апатының екеуі болған. 19-желтоқсанда Ақтөбенің Ырғыз ауданында оқушылар мінген көлік апатқа ұшырап, екі оқушы, бір мұғалім мерт болды. Таңғы мезгілде аудан орталығында өткен олимпиадаға мұғалім мен оқушыларды алып бара жатқан жеңіл көлік апатқа ұшырап, екі оқушы мен мұғалім қаза болды. Үш бала мен жүргізуші аман қалған. Негізі өзге балалар олимпиадаға ішінде полиция отырған басқа көлікпен кеткен екен. Ал соңынан өз беттерінше жеке көлікпен шыққандар жолда апатқа ұшыраған. Қарап отырсаңыз өте ұшқалақ, асығыс әрекет болғанын аңғарасыз. Ауыл мектебінің оқушыларын олимпиадаға қатыстыру үшін тасымалдаудың өзі ойдағыдай ұйымдастырылмаған сияқты. Балалардың бір тобы заңды жолмен, полицияның қатысуымен аттанған көлікпен кетсе, бір бөлігі өз бетінше жолға шыққан. Ата-аналардың кейбірі басында балаларымызды жібермейміз деген екен. Соңынан жіберуді ұйғарып, әлгі жеке көлікпен аттандырған деп жатыр. Өкінішті. Тәртіп деген жол қозғалысында ғана емес, жай өмірдің өзінде де жоғы осындайда көрінеді.

Ал мұның сәл-ақ алдында, 19 желтоқсанда Ақмола облысында жол апатына ұшыраған көлік өртеніп, үш адам қаза болды. Қаза болғандар – жүргізуші мен әйел, үш жасар сәби және бесінші сынып оқушысы.  Audi-100 көлігінің арқасынан ВАЗ-21014 автокөлігі соққан. Соның салдарынан Audi-100 көлігі қарсы жолаққа түсіп кетіп, Volvo жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Көлік кюветке аударылып, отқа оранған.

Міне, жас балалардың өмірін жалмап жатқан жол-көлік оқиғаларының жиілеп кеткенінің көрінісі осындай. Құзырлы органдардың есебінше, жол апатында шамамен күн сайын бір бала қаза болады екен.  

Биылғы жылдың басынан қазан айына дейінгі аралықтағы 9 айда жол апаттарынан 210 бала көз жұмыпты. Былтырғы жылмен салыстырғанда жол үстінде бала өлімінің болуы 16 пайызға артқан. Балаларды көлік қағып кетуінен гөрі, олардың көлік ішінде болып қазаға ұшырау жағдайы басым. Шамамен оқиғаның 65 пайызында балалар көлік ішінде болып апатқа ұшырайды екен.

Полицейлердің айтуынша, көп жағдайда зардап шеккен балаларды ересектер автокөлікте тасымалдау ережелерін бұзып, балаларды автокреслосыз, бустерсіз, адаптерсіз немесе мүлдем бекітілмеген күйде тасымалдайды. Ата-аналарда балаларының өміріне бей-жай қарайды. Сақтық шараларын үйретпейді.

Ересектердің өзі жолда жүру ережелерін сақтамайды. Ал балалар көргенін істейді. Сол себепті балалар рұқсат етілген және қауіпсіз жерден емес, өзі қалаған жерде жолды кесіп өтуге ұмтылады. Ересектер балаларға электросамокаттарды, мопедтерді, электрлі велосипедтерді өздері сатып алып береді, бірақ оларды қалай қауіпсіз пайдалану керектігін түсіндірмейді. Жолда жүру ережелерін үйретудің өзі талай мектепте кенжелеп кеткен деп жатады.

Жоғарыда біз тек жас балалардың жол апатына ұшырау жағдайларына  ғана тоқталдық. Ал болып жатқан жалпы жол апаттарының есебіне жету қиын. Бейбіт күнде азаматтарымыз жолаушылап жүріп жан тапсырып жатқаны қабырғаны қайыстырады. Күн сайын жол апатында бір бала көз жұмады деген жан түршігерлік есептің өзі қасірет емес пе? Ал оның сыртында жол үстінде қаза болып жатқан ересектер қаншама! Азаматтар, әсіресе балалар әдетте бір жаққа сапарлап шыққанда жолға қуанышпен аттанады. Себебі сапарда сергиді жер көріп, ел көреді, дос арттырады дегендей... Ал оның орнына жолда қазаға ұшырап жатқаны қиын жағдай. Бұлай болмауы үшін тәртіп керек. Тәртіп бірінші кезекте адамдардың өздерінде болмаса, мемлекет тарапынан таңылған тәртіп бәрібір толыққанды болмайтынына көз жеткен. Сол үшін бірінші кезекте тәртіп әрбір адамның өзінде болса, жол апаты да, балалардың қазасы да азаюы тиіс.

«Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады